Павлодар облысында баланы ұрған тәрбиешіге үкім шықты

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2026 17:00 Фото: pixabay
Павлодар облысында мектепке дейінгі мекемеде жұмыс істеген тәрбиешіге балаға дене жарақатын салғаны үшін үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта оның балаларды тәрбиелеуге байланысты кәсіби қызметі барысында бір балаға қатысты заңға қайшы әрекеттерге барғаны анықталды. Ол жауапкершілікке тартылды.

"Сот шешіміне сәйкес, әйелге кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқытуға байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Қазіргі уақытта сотталған пробация қызметінің есебінде тұр және оның қызметкерлерінің бақылауында. Ол сот белгілеген барлық шектеу мен талаптарды қатаң сақтауға міндетті", – деп түсіндірді Павлодар ауданы пробация қызметінің бастығы Бейбіт Болатханов.

Енді бұрынғы тәрбиешіні пробация қызметкерлері тұрақты түрде тексеріп, бақылауда ұстайды.

Пробация қызметінің басшысы бұл жаза балалармен жұмыс істейтіндер үшін маңызды сабақ болады деп есептейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: