Атырауда такси жүргізушісі жолаушыға пышақпен шабуыл жасады

Такси, таксист, таксисты, водитель, водители, водитель такси, водители такси, таксопарк, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2026 19:50 Фото: pexels
Атырау теміржол вокзалында такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал шықты. Бұл оқиғаға қатысты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адам арасында жанжал туындап, ол аз уақыт ішінде төбелеске айналған. Сол кезде қалааралық такси жүргізушісі суық қару қолданып, жолаушыны пышақпен жарақаттаған.

Зардап шеккен адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оның қазіргі жағдайы туралы ресми ақпарат әзірше жарияланған жоқ.

Бұл жағдайға қатысты Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Ведомство өкілдері төбелес болғанын растады және осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Атырауда такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал фактісі бойынша бұзақылық бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді 2026 жылғы 29 наурызда полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: