Әлемде тек 13 елдің ауа сапасы қауіпсіз деңгейде: Қазақстан қай орында

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2026 10:58 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Әлемде ауа сапасы жылдан-жылға нашарлауда. Мәселен, 2025 жылы небәрі 13 елде ғана ауа сапасы қауіпсіз деңгейде сақталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Naked Science басылымының жазуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) PM2.5 деп аталатын ұсақ шаң бөлшектерінің шекті мөлшерін анықтайды. Бұл бөлшектер адам денсаулығына өте қауіпті: олар өкпеге терең еніп, қанға дейін жетуі мүмкін.

Зерттеушілердің айтуынша, PM2.5 әсері тыныс алу жолдары ауруларымен, жүрек-қан тамырлары дерттерімен және қатерлі ісікпен байланысты.

Швейцариялық IQAir компаниясы 143 ел, аймақ және аумақтағы 9 446 қаланың деректерін талдаған. Нәтижелер "2025 жылғы әлемдік ауа сапасы туралы есепке" енгізілді.

ДДҰ белгілеген қауіпсіз деңгей – 5 мкг/м³. Осы талапқа тек 13 ел мен аумақ қана сай келген. Олардың ішінде Еуропадан үш ел бар: Андорра, Эстония және Исландия.

Сондай-ақ қауіпсіз ауа көрсеткішіне ие елдер мен аумақтар қатарына Австралия, Барбадос, Бермуд аралдары, Француз Полинезиясы, Гренада, Жаңа Каледония, Панама, Пуэрто-Рико, Реюньон және АҚШ Виргин аралдары кіреді.

Ал Қазақстан орташа деңгейдегі ластануы бар елдер қатарына енген. Елде ауа сапасының индексі (AQI) 74⁺ деңгейінде тіркеліп, ең ластанған елдер рейтингінде 24-орынға орналасқан.

Жалпы алғанда, зерттелген 143 елдің 130-ында ауа сапасы қауіпсіз стандарттарға сәйкес келмейді.

Ең ластанған 5 елдің қатарына Пәкістан (67,3 мкг/м³), Бангладеш (66,1 мкг/м³), Тәжікстан (57,3 мкг/м³), Чад (53,6 мкг/м³), Конго Демократиялық Республикасы (50,2 мкг/м³) кіреді.

Бұған дейін Қытай 6G байланыс желісін сынақтан өткізгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: