Алматыда ауа сапасы нашарлайтыны болжанады
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, Қазақстанның оңтүстік астанасы тұмшаланып, ауа сапасы қалыпты деңгейде бола қоймайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2026 жылғы 22 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы қаласында күтіледі", делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін синоптиктер 22 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасап, еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ болатынын болжаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript