Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, жексенбіде, 24 желтоқсанда Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
24 желтоқсанда Алматы, Астана, Риддер, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау қалаларында ауаның ластануы сипатында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ пайда болған кезде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
Қолайсыз ауа райы жағдайында мыналарға кеңес беріледі:
- ашық ауада, әсіресе тас жол немесе басқа ластану көздерінің бойында болу уақытын қысқартыңыз;
- балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады;
- өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде дәрі-дәрмектерді өздерімен бірге алып жүруі керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жабық спорт кешендерінде жүргізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript