Қазақстандық оқушы пластик қалдықтарынан эко-асфальт өндіру технологиясын ойлап тапты
Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Абай облысы Аягөз қаласындағы №10 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Аружан Қабдулмаратова қайта өңделген пластикті пайдалана отырып, "Эко-асфальт" технологиясын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас ғалым жобамен 7-сыныптан бастап айналысып, бірнеше жыл бойына жүйелі түрде дамытқан. Нәтижесінде тұрмыстық пластик қалдықтарын қайта өңдеп, оны асфальт құрамына қосуға мүмкіндік беретін шешім ұсынды.
"Асфальтқа пластик қосу оның беріктігін арттырып, пайдалану мерзімін ұзартады. Мұндай өнім өзінің пайдалану сипаттамаларын 12-18 жылға дейін, кейде 20-25 жылға дейін сақтай алады. Сонымен қатар, дәстүрлі технологиялармен салыстырғанда өндіріс құны төмендейді", – делінген хабарламада.
Жобада қосымша жол жабынының сапасын бақылауды автоматтандыру да қарастырылған. Оқушы жол бойына автономды роботтар жүйесін енгізуді де ұсынады. Оның тұжырымдамасы бойынша, "А" роботы жол бетіндегі ақауларды анықтаса, "В" роботы оларды жедел түрде жөндейді. Бұл тәсіл жөндеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
"Эко-асфальт" әзірлемесі пластик қалдықтарының көлемін азайтуға және жол құрылысына заманауи шешімдерді енгізуге бағытталған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript