Абай облысында теміржол вагондарынан мыс концентратын ұрлаған тұрғындар сотталды
Сурет: polisia.kz
Абай облысының бес тұрғыны теміржол вагондарынан мыс концентратын ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпан айында Семей станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде теміржол құрамдарынан жүк ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бес адамнан тұратын топ анықталып, ұсталды. Олардың барлығы Абай облысының тұрғындары. Тергеу барысында күдіктілердің Қытайға бағыт алған вагондардан мыс концентратын ұрлағаны белгілі болды. Ұрланған жүктің жалпы салмағы 4020 келі, ал келтірілген материалдық шығын көлемі 6,8 миллион теңгеден асты", – делінген хабарламада.
Сот процесі барысында топ мүшелерінің кінәсі толық дәлелденді. Сот оларды ірі көлемдегі ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Қазіргі таңда келтірілген залал толық өтелді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript