Қызылордада әлеуметтік желі арқылы вейп сатқан алаяқ ұсталды
Сурет: polisia.kz
Қызылордада әлеуметтік желі арқылы тыйым салынған электронды темекі сатып, алаяқтық жасаған 19 жастағы қала тұрғыны сот шешімімен қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заңмен тыйым салынған электронды темекі мен вейптерді TikTok әлеуметтік желісі арқылы сатып, пайда табуды көздеген қала тұрғыны сот үкімімен ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.
Сот шешімімен ол 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып, Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіне алынды.
Аталған азамат әлеуметтік желіде тыйым салынған вейптерді жарнамалап, адамдарды алдап, ақша алу арқылы алаяқтықпен айналысқан.
Қазіргі уақытта ол күніне төрт сағаттан қала көшелерін абаттандыру және тазалау жұмыстарына тартылған.
"Электронды темекі мен вейптерді сатып, көп ақша тапқым келді. Қолыңа ақша түскен соң, бәрін ұмытып кетеді екенсің — оның заңсыз екенін де ойламадым. Жасым небәрі 19-да. Жарнамалап сатсам, оңай табыс табамын деп ойладым. Қазір жасаған ісіме өкінемін", – деді сотталған азамат өз ісіне өкініш білдіріп.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript