Шымкентте заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді

Шымкентте заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2026 19:33 Сурет: polisia.kz
Шымкентте "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз сатумен айналысқан тұлғалардың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш жас жігіт мессенджерлердің бірінде арна құрып, сол арқылы вейп өнімдерін жарнамалап, сатумен айналысқан.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Тексеру барысында заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: