Шымкентте вейптерді заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Фото: Zakon.kz
Шымкентте полиция қызметкерлері электронды тұтыну жүйелерін заңсыз сатқан ер адамды ұстады.
Күдікті өнімді мессенджер арқылы сатуды ұйымдастырған: жарнамалар жариялап, тапсырыстар қабылдап, тауарды тұтынушыларға жеткізіп отырған.
Осылайша ол тыйым салынған өнімді тұрақты түрде өткізіп келген.
Тексеру барысында оның тұрғылықты жерінен сатуға дайындалған 41 вейп табылып, тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшылары вейптердің заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салып, азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript