Еліміз бойынша 4 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр, ауа райы болжамы, 4 сәуір, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2026 18:21 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2026 жылғы 4 сәуір, сенбіге арналған ауа райының жалпы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтар таратқан хабарламаға сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты еліміздің көп бөлігінде қолайсыз ауа райы белең алады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей тұста қатты жауын-шашын болады, бұршақ түседі және дауыл тұрады.

Әсіресе, еліміздің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде қатты жауын-шашын болады.

Сондай-ақ, шығыста кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз құрғақ ауа райы сақталатыны да нақтыланады.

"Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыстарға тұман, желдің екпін алуы жатқызылады, ал солтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Қызылорда облысының шығысында, батысында, солтүстігінде, Түркістан өңірінің орталығында, солтүстік-батысында, шығысында, Жамбыл облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. 

Бұған дейін "Қазгидромет" мамандары 2026 жылғы 4–6 сәуір аралығына арналған еліміздің үш ірі қаласы бойынша ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: