Алматыда ауа сапасына бақылау күшейді

Алматыда ауа сапасына бақылау күшейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2026 18:58 Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда автокөліктерді тексеру барысында шығарындылардың шекті нормадан асып кету деректері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, 30 наурыз бен 4 сәуір аралығында автокөлік құралдарының пайдаланылған газдарындағы улы заттар мен түтін деңгейіне 4 453 өлшеу жүргізілді. Оның ішінде 4 404-і бензинмен жүретін, ал 49-ы дизель отынын пайдаланатын көлік құралдарына тиесілі.

"Мониторинг қорытындысы бойынша 715 автокөліктен белгіленген экологиялық нормалардың асып кеткені анықталды. Оның ішінде 693 жағдайда көміртегі тотығы (CO), ал 22 жағдайда түтін деңгейі бойынша шекті мөлшерден жоғары көрсеткіш тіркелген. Бұл тексерілген көлік құралдарының жалпы санының шамамен 16%-ы",- делінген ақпаратта.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырды.

Мониторингтің мақсаты — қаладағы экологиялық ахуалды бақылау және автокөлік шығарындыларынан туындайтын ауа ластануын азайту.

Бұған дейін алматылық полицейлердің жаңа тәсілге көшіп, қала ішіндегі бақылауды күшейткендігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: