Ақтөбеде төтенше жағдай: облыс әкімдігі ғимаратында өрт шықты

Ақтөбеде төтенше жағдай: облыс әкімдігі ғимаратында өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2026 22:29 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
ТЖМ құтқарушылары Ақтөбе қаласында Әбілқайыр хан даңғылындағы алты қабатты әкімшілік ғимаратта тұтанған өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары бес минут ішінде жетті.

"Дереу өрт сөндіру оқпандары берілді, өртті толық жою үшін барлық шара қабылданып, су үздіксіз жеткізіліп жатыр. Адамдарды эвакуациялау жүргізілуде. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", – делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақырту бойынша жұмыс істеуде, өртті сөндіру жалғасып жатыр.

Өрттің аумағы нақтыланып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: