Түркістан облысында 2 тонна құрылыс қалдығын көшеге төккен тұрғын жазаланды

Түркістан облысында 2 тонна құрылыс қалдығын көшеге төккен тұрғын жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2026 18:50 Сурет: polisia.kz
Полиция қызметкерлері көше бойына 2 тоннадан астам құрылыс қалдығын төккен Қазығұрт ауданының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары бұдан бөлек 32 базар, 4 автобекет пен 160 қоғамдық орынды тексерді.

Нәтижесінде "нөлдік төзімділік" қағидаты аясында 144 құқық бұзушылық анықталып, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылданды.

Атап айтқанда ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 59 дерек, абаттандыру қағидаларын бұзуға қатысты 47 дерек, белгіленбеген орындарда сауда жасау бойынша 38 факті тіркелген.

Сонымен қатар полицейлер азаматтарға қоғамдық орындарда тазалық сақтау, заң талаптарын орындау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: