Түркістанда 1,5 тонна автокөлік дөңгелектерінің қалдығын заңсыз тастаған тұлғалар анықталды

Түркістанда 1,5 тонна автокөлік дөңгелектерінің қалдығын заңсыз тастаған тұлғалар анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 20:18 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында полицейлер 1,5 тонна автокөлік дөңгелектерінің қалдығын заңсыз тастаған тұлғаларды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Қызылорда тас жолы бойында орналасқан көлік желімдеу орталығының жұмысшыларының белгіленбеген орынға шамамен 1,5 тонна автокөлік дөңгелектерінің қалдығын тастағанын анықтады. Сондай-ақ Тәуке хан даңғылы бойында құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерге төккен тұрғын белгілі болды.

Аталған деректер тәртіп сақшыларының бейнежетонына тіркелген.

Аталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларға абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылды.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және белгіленген талаптарды қатаң ұстануға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: