Сәтбаевта ер адам танысын аяусыз пышақтап өлтірді

Нападение с ножом, поножовщина, нож, ножевое ранение, ножевые ранения, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 18:28 Фото: unsplash
Сәтбаев қалалық соты танысын пышақтап өлтірген тұрғынға үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот анықтағандай, 2025 жылдың желтоқсанында "Горняк" бағбандық кооперативінің аумағында дастарқан басында қайғылы жағдай болған. Ер адамдар спирттік ішімдік ішіп, артынша жанжалдасып қалған.

Жанжалдың себебі – жәбірленушінің қарсыласына бағытталған бейәдеп балағат сөздері болған. Бұған жауап ретінде айыпталушы жәбірленушінің мойны мен кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан. Дәрігерлердің ер адамды аман алып қала алмаған, ол Сәтбаев ауруханасында көз жұмды.

Сот процесі барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдіріп, бас бостандығынан айырмай, жаза тағайындауды сұрады. Алайда мемлекеттік айыптаушы қатаң жаза талап етіп, 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ер адамның кінәсі сотта зерттелген дәлелдердің жиынтығымен толық дәлелденді.

Айыпталушы "абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан ауыр дене жарақатын келтіру" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: