Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды

Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2026 14:32 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президентінің Өзбекстанға жұмыс сапары Бұхарадағы Бахауддин Нақышбанди кесенесіне зиярат етуден басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттер басшылары медресе, екі мешіт пен мұнарадан тұратын мемориалдық кешенді аралап көрді. Зиярат барысында Құран оқылып, бауырлас халықтарға бейбіт өмір мен бақ-береке тілеп, дұға жасалды.

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев мемориалдық кешенге келушілермен жылы рәуіште әңгімелесіп, суретке түсті.

Сурет: akorda.kz

Нақышбандия тариқатының негізін салушы Бахауддиин Нақышбандидің кесенесі XVI ғасырда салынған.

Сурет: akorda.kz

Ескерткіш жанындағы музейде XIX ғасырдағы Құран қолжазбасы, тарихи құжаттар, кітаптар мен басқа да құнды жәдігерлер сақталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: