Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Үргеніш әуежайынан шығарып салды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев, Үргеніш әуежайы, шығарып салу, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 20:45 Сурет: Ақорда
5 сәуірде кешкісін Қазақстан Президентінің Өзбекстанға жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Үргеніш әуежайынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев шығарып салды.


Жоғары дәрежедегі қонақты шығарып салу сәтінің видеосы Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.

Айта кетсек, бүгін 5 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды.

Сондай-ақ Президент Өзбекстанда өнеркәсіп тауарларының көрмесін тамашалады.

Хиуа қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді. Онда қос елдің көшбасшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның теміржол әкімшіліктері арасында бірлескен кәсіпорын құрылатыны белгілі болды.

Мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Хиуа қаласының тарихи орындарын аралап, Палуан Махмұд кесенесіне зиярат етті.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: