Тоқаев Си Цзиньпинді елорда әуежайынан шығарып салды

Мемлекеттік сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2022 19:22 Сурет: akorda.kz
Қытай Халық Республикасы төрағасының Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді әуежайдан шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды.

Одан кейін екі елдің көшбасшылары келіссөз жүргізді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға және дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: