Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Хиуа қаласының тарихи орындарын аралап, Палуан Махмұд кесенесіне зиярат етті

Құран бағыштау, Қасым-Жомарт Тоқаев, Хиуа, Палуан Махмұд, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 19:03 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапары барысында Президент Шавкат Мирзиёевпен бірге ежелгі Хиуа шаһарының тарихи орталығындағы "Ишан-қала" қалашығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ишан қала" ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне Орталық Азиядан енген алғашқы ескерткіш саналады. Мемлекеттік тарихи-археологиялық музей-қорығында 400-ге жуық тұрғын үй ғимараты, сондай-ақ алпысқа тарта тарихи және сәулет ескерткіші орналасқан, делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекеттер басшыларының қалашыққа экскурсиясы "Ата дарбаза" қақпасынан басталды. Мәртебелі мейманның құрметіне орай өзбек халқының ән-күйі шырқалып, театрландырылған көрініс қойылды.

Көрініс, Хиуа, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 19:03

Сурет: akorda.kz

Одан әрі олар "Куня Арк" кешенін, Шерғазы хан медресесін, Мұхаммед әмин Инақ медресесін, Жұма мешітін және "Таш хаули" кешенін аралап көрді.

Содан кейін Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Хиуаның ортағасырлық шайыры, ағартушы, сопы әрі ойшыл Палуан Махмұд (1247-1326) кесенесіне зиярат жасап, оның рухына Құран бағыштады. Палуан Махмұд кесенесі өзбек, түрікмен, қарақалпақ және басқа да халықтардың мінәжат етіп баратын қасиетті мекені саналады.

Тетарландырылған көрініс, Хиуа, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 19:03

Сурет: akorda.kz

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев хорезм сәулет өнерінің бірегей ескерткіші – Нұролла бай сарайына барды.

Сарай-саябақ кешенін XIX ғасырдың бас кезінде II Мұхаммед Рахым хан өзінің ұлы – хан тағының мұрагері Асфендиярға арнап, хиуалық бай көпес Нұролланың иелігіндегі үлкен бақтың орнына салдырған. Құрылысқа хиуалық шеберлер мен суретшілерден бөлек, Ресейден және Германиядан мамандар алдырған. Дәстүрлі шығыс сәулеті өнері мен еуропалық стильдің әдемі үйлесімі нысанның келбетінен де көрініп тұрады.

Көрме, Хиуа, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 19:03

Сурет: akorda.kz

Екі ел басшылары Хиуа хандығының бас уәзірі болған Сейіт Ибрагим қожаның үйін, "Беш хаули" кешенін, сарайдағы басқа да бөлмелерді, қонақ күтетін үй-жайларды аралап көрді.

Содан соң президенттер "Өзбек-қазақ суретшілерінің туындыларындағы халықтар бірлігі" бейнелеу өнері көрмесін, "XIX-XX ғасырларда түсірілген фотосуреттердегі Хорезм" көрмесін, соның ішінде өзбек ұлттық фотоөнері мен деректі киносының негізін қалаушы Құдайберген Диуановтың суреттерін тамашалады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: