Талдықорғанда Балақты өзенінде заңсыз құм өндіру тоқтатылды
Сурет: polisia.kz
Жетісу облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Талдықорған қаласындағы Балақты өзенінде құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіру дерегін анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рейд барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз табиғи ресурстарды өндіріп жатқан жүк тиегіш ұсталды. Аталған дерек бойынша материалдар жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданатын болады. Ал техника арнайы айып тұрағына қойылды.
Полиция мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтар өңір экологиясына елеулі зиян келтіріп, табиғи тепе-теңдікті бұзады.
"Пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру – тек заң бұзушылық емес, экожүйеге төнген қауіп. Мұндай фактілердің алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері осыған ұқсас 20-ға жуық құқықбұзушылық анықталды", – деп атап өтті табиғатты қорғау полициясы.
Құқық қорғау органдары бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Полицейлер азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript