Тоқаев "Ялла" ансамблінің көркемдік жетекшісін "Достық" орденімен марапаттады

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2026 20:18 Фото: akorda.kz
Президент "Ялла" ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан мен Қазақстанның халық әртісі Фаррух Закировті 80 жасқа толуымен құттықтады.

"Тума талантыңыздың, сарқылмас күш-қуатыңыз бен ерекше еңбекқорлығыңыздың арқасында шығармашылығыңызға тәнті миллиондаған тыңдарманның ықыласына бөлендіңіз. Сіздің өнеріңіз жылдар бойы бірнеше буын ұрпақ пен халықтарды баурады. Қазақстанда қайталанбас дауысыңызды және тұтас дәуірдің мәдени феноменіне айналған әйгілі "Ялла" ансамблінің орындауындағы танымал әндерді жақсы көреді", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен музыка өнерін дамытуға, сондай-ақ халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Фаррух Закировті ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: