Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты алдын ала жұмыстар жалғасуда

АЭС, атомная электростанция, производство электроэнергии, атомная промышленность, строительство АЭС, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2026 19:59 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 20 сәуірде Мәжіліс кулуарында Атом энергетикасы агенттігі төрағасының орынбасары Асет Махамбетов елдегі алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысы қай кезеңде тұрғанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол АЭС салынатын орын ретінде Жамбыл ауданы белгіленгенін еске салды.

"Аталған аумақта МАГАТЭ-нің ұсыныстарына сәйкес инженерлік-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар 2025 жылдың тамыз айында басталған", – деді Махамбетов.

Оның сөзінше, бұл жұмыстар Росатом компаниясымен бірлесіп атқарылуда.

Сонымен қатар, ол екінші АЭС-ке қатысты да мәлімет берді.

"Екінші АЭС орналастырылатын орын да – Жамбыл ауданы, Алматы облысы. Ол жерде де жұмыстар жалғасып жатыр", – деп қосты спикер.

Бұған дейін Қазақстандағы үшінші және төртінші АЭС қандай болуы мүмкін екені белгілі болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: