Дүркіреген той: Ақсайда кортеж ұйымдастырғандардың оқиғасы немен аяқталды

Дүркіреген той: Ақсайда кортеж ұйымдастырғандардың оқиғасы немен аяқталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2026 20:23 Сурет: freepik
Әлеуметтік желіде той кортежіне қатысушылардың 20-дан астам құқық бұзушылық жасаған видеосы тарады. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, оқиға Ақсай қаласында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында барлық көлік анықталып, арнайы айып тұрағына қойылды.

"Жүргізушілер мен жолаушылар қауіпті маневр жасау, апатты жағдай туғызу, көлік люгінен шығу, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпау фактілері бойынша жауапкершілікке тартылды. Әрбір жүргізушімен және жолаушылармен тәртіп сақшылары профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полиция барлық азаматты жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтарға заң аясында қатаң шара қабылданатынын еске салады.

Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірімнің көлік басқару дерегі тоқтатылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: