Оралда ішінде адамдары бар көлік мұз астына түсіп кеткен - қаза тапқандар бар

Орал қаласында әлеуметтік желіде мұз астына түсіп кеткен көліктің видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, көлік ішінде адамдар болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 2 ақпанда кешке Самал ықшма ауданының маңындағы Шаған өзенінде болған.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, суға батқан көліктен зорлық-зомбылық белгілері жоқ екі адамның денесі табылды.
"Оқиғаның мән-жайы мен егжей-тегжейі анықталуда. Мәйіттер сараптамаға жіберілді", - деді полиция қызметкерлері.
Тәртіп сақшылары тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етуге жатпайтынын ескертті.
Марқұмдардың денесін сүңгуірлер су астынан алып шықты, ал көлік жағаға әлі шығарылмаған.
Бұған дейін Түркістан облысында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, өртеніп, алты адамның қаза тапқаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз