Шынымен суицид пе: Ақтауда ата-анасы қызының өліміне байланысты істі қайта тергеуді талап етуде

Полиция, заявление, уголовное дело, уголовное обвинение, уголовная статья, уголовные дела, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2026 21:33 Фото: Zakon.kz
Ақтау қаласында 1 қаңтар күні пәтерден 24 жастағы қыздың мәйіті табылған. Полиция бұл оқиғаны суицид деп бағалаған, алайда марқұмның ата-анасы бұл нұсқамен келіспей, оның өліміне күйеуінің қатысы болуы мүмкін деп санайды, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Қыздың анасының айтуынша, іс бастапқыда "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қозғалған. Алайда кейінгі тергеу, олардың пікірінше, толық және нақты емес. Отбасы тергеу барысында бірқатар сәйкессіздіктер бар екенін және барлық тергеу әрекеттері толық жүргізілмегенін алға тартады.

Lada.kz басылымының жазуынша, туыстары марқұмның өмірге, оқуға қатысты жоспарлары болғанын, оқиға алдында одан депрессия белгілері байқалмағанын айтады. Сондай-ақ олар неке қиылғаннан кейін отбасында кикілжіңдер пайда болғанын да мәлімдеген.

Жәбірленуші тараптың өкілі, заңгер Ажар Картбай тергеу олардың пікірінше, толық және объективтілік қағидаттарына сай жүргізілмегенін айтады. Оның сөзінше, кейбір тергеу әрекеттері уақытында жасалмаған болуы мүмкін, ал қорытындылар тек болжам сипатында.

Отбасы істі тоқтату туралы шешімді жойып, қосымша тергеу жүргізуді талап етпек.

Бұған дейін Қарағандыда алтын бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: