Тоқаев Грузия президентімен кездесті: сауда мен транзитке басымдық берілді

Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесті., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2026 16:41 Сурет: akorda.kz
Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қазақ-грузин қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Президент Тоқаев Грузияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде атап өтіп, екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге дайын екенін жеткізді.

Тараптар өзара байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі кеңейту қажеттігіне тоқталды.

Кездесуде бірлескен инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыру, іскерлік байланыстарды дамыту, сондай-ақ көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар президенттер жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: