Қазақстанда жаңа су қоймалары салынады
Фото: primeminister.kz
Қазақстан Үкіметі 2026 жылғы 17 сәуірдегі қаулысымен стратегиялық су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстар тізіміне толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, мүліктік жалға (арендаға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін нысандар тізімі жаңартылып, құрылыс жоспарланған немесе салынып жатқан гидротехникалық құрылыстар қатары кеңейтілді.
Атап айтқанда, Абай облысы аумағында бірнеше жаңа су қоймасын салу көзделіп отыр:
- Мақаншы ауданындағы Қарабута өзенінде;
- Көкпекті ауданындағы Кіші Бұқтырма (Малая-Буконь) өзенінде;
- Мақаншы ауданындағы Келді-Мұрат өзенінде;
- Мақаншы ауданындағы Көктөрек өзенінде;
- Ақсуат ауданындағы Базар өзенінде.
Қаулы 2026 жылғы 17 сәуірден бастап күшіне енді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript