Президент Alem.ai battle және AI Governance Cup жеңімпаздарын марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласындағы Alem.ai battle ұлттық байқауы мен мемлекеттік органдар арасындағы AI Governance Cup жарысының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2026 16:31 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласындағы Alem.ai battle ұлттық байқауы мен мемлекеттік органдар арасындағы AI Governance Cup жарысының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Alem.ai battle байқауының жеңімпаздары төрт негізгі аталым бойынша анықталды.

AI Young Talents номинациясында ағзадағы глюкоза деңгейін инвазивті емес тәсілмен анықтайтын SuGuard жүйесі үздік деп танылды.

AI Driving Power аталымында мұғалімдердің жұмысын автоматтандыруға арналған Ustaz AI шешімі жеңіске жетті.

AI Innovators бағыты бойынша жасанды интеллект арқылы қатерлі ісікті ерте анықтауға мүмкіндік беретін Robio диагностикалық қолғабы марапатталды.

Ал Future Builders аталымында жасанды интеллект модельдерін үйретуге арналған сапалы деректерді жинау және өңдеуге бағытталған NCSPEECH стартап сервисі үздік атанды.

Салтанатты шарада Мемлекет басшысы мұндай жобалардың елдегі жасанды интеллект экожүйесін дамытуға және инновациялық шешімдерді енгізуге зор үлес қосатынын атап өтті.

Үздік ЖИ-шешімдер байқауында мемлекеттік органдар арасынан Ішкі істер министрлігі ("AI Қауіпсіздік" аталымы бойынша), Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ("AI Экономика"), Астана қаласының әкімдігі ("AI Әлеуметтік саясат"), Ақмола облысының әкімдігі ("AI Өңір"), Қарағанды облысының әкімдігі ("AI Азаматтарға қызмет") және "KEGOC" АҚ ("AI Квазимемлекеттік сектор") топ жарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: