Өскеменде 100-ге жуық шоколад ұрлаған ер адам ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2026 17:13 Фото: Zakon.kz
Өскемен қаласында ер адам он күн бойы жергілікті шағын маркеттердің бірінен тауарларды жасырын түрде ұрлап келген. Оның негізгі олжасы шоколад өнімдері болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметінше, алғашында тауарлардың жоғалғаны бірден байқалмаған. Дүкен әкімшілігі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделегеннен кейін ғана полицияға жүгінген. Анықталғандай, белгісіз азамат бір жарым аптаға жуық уақыт бойы дүкенге келіп, сөрелердегі тауарларды жасырын алып шығып отырған.

"Күдікті негізінен күнделікті тұтыну тауарлары мен тәтті өнімдерді ұрлаған. Он күн ішінде ол шамамен 80 қорап "Merci" кәмпитін, 25 дана "Қазақстан" шоколадын, сондай-ақ бірнеше құты кофе мен сусабындарды иемденген. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 300 мың теңгеге жуық",- делінген ақпаратта.

Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні жедел түрде анықтады. Ол тұрақты тұрғылықты жері жоқ 33 жастағы ер адам болып шықты. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін Алматыда ҰҚК телефон арқылы жасалған ірі алаяқтық схеманы әшкерелегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: