Ақтөбеде интернет-алаяқтыққа күдікті ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2026 13:38 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен басқа облыстың 18 жастағы тұрғынын ұстады.

Анықталғандай, ағымдағы жылдың ақпан айында күдікті TikTok қосымшасында хат алмасу кезінде Free Fire ойынын сатамын деген желеумен алдау арқылы Әйтеке би ауданының тұрғынына тиесілі 777 мың теңгені иемденген.

"Anti-Fraud" және "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында күдіктінің жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді.

Ол Түркістан облысының 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: