Ұлттық ұланда 30 түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді
Фото: gov.kz
Әскери қызметшілер ұлтына, тіліне немесе дініне қарамастан, ортақ міндетті – қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді абыроймен атқарып келеді.
Олар үшін ең басты құндылық – ел тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі. Ұлттық ұлан қатарында әртүрлі мәдениет пен дәстүрдің тоғысуы өзара түсіністік пен құрметті арттыра түседі.
Әр сарбаз өз халқының мәдениетін сақтай отырып, біртұтас әскери ұжымның ажырамас бөлігіне айналады. Бұл – Қазақстан қоғамындағы бейбітшілік пен келісімнің жарқын үлгісі.
Айта кету керек, Ұлттық ұланда ұлтаралық келісімді нығайтуға, өзара сыйластықты қалыптастыруға және бірлік рухын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Түрлі мәдени іс-шаралар, тәрбиелік кездесулер мен патриоттық жобалар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.
Бірлік күні – ел ішіндегі татулық пен достықтың маңызын айқындайтын ерекше мереке. Осындай мерекелі күнде Ұлттық ұлан сарбаздарының қызметі – барша қазақстандықтарға үлгі. Олар күнделікті еңбегімен "Бірлік бар жерде – тірлік бар" деген қағиданың шынайы мәнін дәлелдеп келеді.