Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан туристік аймақта бірқатар нысанға зақым келді

Спасательная служба, спасательные службы, спасатели, спасатель, МЧС РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2026 10:37 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Түркістан облысындағы Ақмешіт ауылында орналасқан туристік аймақта жауын-шашынның салдарынан су тасып, демалыс аймағы мен пикникке арналған аумақты жалғап тұрған уақытша, қолдан жасалған екі көпірді су ағызып әкетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Төлеби ауданының туристік аймағында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Ақмешіт өзеніндегі су деңгейі көтерілді.

"Нәтижесінде демалыс аймағы мен пикник аумағын байланыстыратын екі уақытша қолдан жасалған көпір шайылып кетті. Сондай-ақ Екпінді аумағындағы өткел зақымданды",- делінген ақпаратта.

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Екпінді ауылынан қауіпсіз жерге 11 адам, оның ішінде 7 бала көшірілді. Демалыс аймағынан 70 адам, соның ішінде 20 бала эвакуацияланды.

Уақытша өткел ұйымдастыру үшін арнайы техника жұмылдырылды. Барлық азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ.

"Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, "Қазселденқорғау", полиция және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмысын жалғастыруда",- деп мәлімдеді министрлік.

Бұған дейін Ақтөбе мен Орал тұрғындарына тұмшаға байланысты ескерту жасалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: