Ақмола облысында жарықсыз қалған ауылға құтқарушылар көмекке келді

Төтенше жағдай, Ақмола облысы, Ягодное, су тасқыны, жарықсыз ауыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2025 21:53 Сурет: видеодан алынды
Ақмола облысының Астрахан ауданында Қалқұтан өзені тасып, екі электр бағаны құлады. Салдарынан Ягодное ауылы жарықсыз қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарықсыз қалған ауылға ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алғашқы болып көмекке келді.

"Электр желісі жұмысшыларымен бірге олар жүзу құралынан тікелей қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында ауылдағы электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Жарық беріліп, адамдар үйлеріне оралды", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, Қазақстанның үш облысында су тасқынының шарықтау кезеңі өткенін жазғанбыз.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: