Польшада ұсталған Қазақстан азаматының ісіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тікелей араласты

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2026 11:08 Фото: akorda.kz
Польша билігі ел аумағында бұрын ұсталған Қазақстан азаматын қамаудан босатты. Бұл мәселеге Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі араласқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, Польша Республикасының аумағында бұған дейін тұтқындалған Қазақстан азаматы биыл 28 сәуірде бостандыққа шыққан.

"Мұндай нәтижеге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарын, соның ішінде шетелдегі отандастарымыздың құқығы мен мүддесін дәйекті түрде қорғауының арқасында қол жеткізілді",- деп атап өтті ол.

Мемлекет басшысы таяуда Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, күрделі жағдай кезінде екі ел конструктивті тұрғыдан ынтымақтаса әрекет еткені үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар Қазақстан президенті оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге ықпал еткен Ресей президенті Владимир Путинге де алғыс айту орынды деп санайды.

Мемлекет басшысы Польша президенті Кароль Навроцкий мен Премьер-министр Дональд Тускке Польша тарапы орын алған жағдайға байланысты байыпты шешім қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, хат жолдамақ.

БАҚ мәліметінше, ұсталған адам – Польша билігі тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алған Қазақстанның әскери атташесі.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Астанаға шақырған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: