Әлем сарапшылары қазақы тазыға жоғары баға берді

Тазы, казахская порода, собака Тазы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2026 13:41 Фото: akorda.kz
Қазақы тазы әлемдегі ең сұлу, әрі текті ит тұқымдарының қатарында. Мұны Астанада өтіп жатқан халықаралық кинологиялық көрмеге қатысушылар да ерекше атап өтті.

Шараға әлемнің түкпір-түкпірінен түрлі тұқымдағы 400-ге жуық ит әкелінген.

Көрменің басты мақсаты – қазақы тазының асыл тұқымын сақтап, оны дамыту және халықаралық деңгейде кеңінен таныту, деп жазады qazaqstan.tv.

Ұйымдастырушылар бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі жүріп жатқанын айтады. Әлемдік деңгейдегі сарапшылар да тазының сыртқы бітімінен мін табу қиын екенін жеткізді.

Қазақ даласының символына айналған тазыға шетелдік мамандардың қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді.

Мамандар мұндай көрмелер қазақы ит тұқымын әлемдік кинология картасына шығаруға жол ашатынын айтады.

"Бірінші кезекте сарапшылар ит тұқымының базалық стандарттарын қарайды. Содан кейін қатысып жатқан иттердің сол стандарттарға қаншалықты сәйкес келетіні анықталады. Менің Дастер атты тазым өз тұқымдастарының арасынан бірінші орын алды. Жалпы, көрме халықаралық болғандықтан өте қызықты ит тұқымдары келді. Барлығымен танысып, сөйлесіп, тәжірибе алмасып жатырмын." Әнуар Әлжанов, итбегі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: