Алматыда заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстары жалғасуда
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылдың 4 мамырында Сейфуллин даңғылы, 518 мекенжайында орналасқан шағын маркет толықтай бұзылды.
Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері хабарлады.
Бұған дейін рұқсат құжаттарының жоқтығына байланысты тиісті шаралар қабылданып, іс сотқа жолданған болатын.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың шешімімен меншік иесі кінәлі деп танылып, нысанды мәжбүрлі түрде бұзу туралы қаулы шығарылды. 2026 жылы 9 сәуірде Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript