Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрт: келтірілген залал 90 млн теңгеге бағаланды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2026 жылғы сәуір айының басында Ақтөбеде әкімдік ғимараты қызыл жалынға оранды. Өрт кенеттен тұтанып, ғимараттың шатыры жанған. Жалын тез тарап, 300 шаршы метр аумақты қамтыды. Бүгінде келтірілген шығын 90 миллион теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы ТВ" дерегіне сүйенсек, өрттің бүкіл ғимаратқа жайылуына жол бермеу үшін 120-дан астам өрт сөндіруші бір сағаттан астам уақыт бойы тілсіз жаумен күресті. Оқиға кезінде ғимарат ішінде тек күзет қызметкерлері болған, зардап шеккендер жоқ.
Алайда материалдық шығын айтарлықтай: шатыр бүлініп, кейбір құрылымдар зақымданған. Тергеу барысында негізгі нұсқалардың бірі ретінде электр желісіндегі қысқа тұйықталу қарастырылып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір нысанда қалпына келтіру жұмыстары басталған.
"Өрт салдарын жою мақсатында шатыр тазартылып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды. Алдын ала есеп бойынша жалпы материалдық шығын шамамен 90 миллион теңгені құрайды. Қалпына келтіру жұмыстары облыстың төтенше жағдайлар резерві есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарын арнайы мамандандырылған компания жүргізеді, бұл олардың жедел әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді", – деді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбеева.
Бұған дейін Ақтөбелік тұрғынның анасын аяусыз ұрып, қабырғасын сындырғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript