Кімдер амнистия бойынша босатылуы мүмкін – ІІМ түсіндіріп берді
Фото: pexels
Оның айтуынша, рақымшылық бойынша жұмыс әлі де жалғасып жатыр, қазіргі уақытта қылмыстық рақышылыққа қатысты жұмыс тобы алдын ала тәсілдерді әзірлеген.
"Ең алдымен қылмыстық жауапкершіліктен тергеу сатысында жүрген, онша ауыр емес қылмыс жасаған, қылмыстық теріс қылыққа барған, сондай-ақ орташа ауыр қылмысты келтірілген зиянсыз жасаған тұлғалар босатылады. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарында отырған, онша ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған, бірақ залалды өтемеген сотталғандар да босатуға жатады", – деді Санжар Әділов.
Сонымен бірге ол рақымшылық келесі санаттағы адамдарға қолданылмайтынын атап өтті: экстремистік және террористік қылмыс жасағандар, азаптауға барғандар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін сотталғандар, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағандар, сондай-ақ сырттай сотталғандар.
Бұл ретте, ол жазасының соңғы бір жылы қалған сотталғандарға да амнистия қолданылуы мүмкін екенін айтты.
Әкімшілік амнистияға қатысты ол ведомствоаралық жұмыс жалғасып жатқанын және келесі аптада нақты ұстанымдар жарияланатынын айтты.
Сонымен қатар ол Қазақстанда әкімшілік профилактика субъектілері 70-тен астам мемлекеттік орган екенін, оның ішінде 15 мемлекеттік орган өз құзыреті аясында амнистия қолдануға қатысты ұсыныстар бергенін атап өтті.
Журналистер әкімшілік рақымшылық аясында айыппұлдар, соның ішінде жылдамдықты асыру бойынша салынған айыппұлдар кешірілуі мүмкін бе деген сұрақ қойған. Бұл жөнінде ол әзірге нақты тәсілдер әзірленіп жатқанын, түпкілікті шешім Парламентте талқыланатынын айтты.