Қазақстанда рақымшылық туралы заң қашан қабылдануы мүмкін екені белгілі болды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2026 18:56 Фото: Zakon.kz
Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов 2026 жылғы 8 сәуірде Мәжіліс кулуарында рақымшылық туралы заң Парламентте қашан қаралып, қабылдануы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Санжар Әділовтің айтуынша, 7 сәуірде Қылмыстық қудалау комитеті, Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды.

"Қазіргі таңда әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқығы бар 50-ден астам субъект бар. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Бұл жұмыс кеше ғана басталды. Амнистия екі аспектіні қамтиды – қылмыстық, және алғаш рет Қазақстанның заманауи құқық тарихында – әкімшілік рақымшылық өткізу жоспарлануда. Кеше жұмыс тобы құрылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы сессияда (Парламент сессиясы – ред.) заңды міндетті түрде қарастырып, қабылдаймыз", – деді ол.

Журналистер вице-министрден заңды маусым айының соңына дейін қабылдауға бола ма деп сұрады, өйткені дәл сол уақытта Парламенттің кезекті сессиясы аяқталады.

"Әрине. Амнистия мерзімдері осы заңда толық көрсетіледі", – деп растады Санжар Әділов.

Вице-министрдің айтуынша, амнистияны қолдану Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 78-бабымен нақты реттеледі.

"Рақымшылық жеңіл және орташа ауыр қылмыстарға, зиян өтеу жасалған және денсаулыққа зиян келтірмеген, өлімге әкеп соқпаған қылмыстарға қолданылады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша – жазаны қысқарту қарастырылған. Фильтрлер бар – олар заңда нақты көрсетілген: террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар, азаптауға қатысты істер – осы санаттарға рақымшылық қолданылмайды", – деп қорытындылады спикер.

Бұған дейін Қазақстандық мұғалімдерге жағымды жаңалық хабарланғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: