Алматыдағы түнгі клуб полиция тексерісінен кейін жабылды: онда не болды

Алматыда ойын-сауық мекемесінің жұмысы уақытша тоқтатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 17:16 Сурет: polisia.kz
Алматыда ойын-сауық мекемесінің жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз ойын-сауық мекемесінде жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады.

Тексеру қорытындысы бойынша мекеме иесіне қатысты Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарына баруын реттейтін заңнамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Уәкілетті орган материалдарды қарау нәтижесінде әкімшілік айыппұл салып, сондай-ақ мекеме қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

"Мұндай фактілерге жол берілмейді. Заң баршаға ортақ, ал ойын-сауық мекемелерінің иелері кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға қатысты талаптарды қатаң сақтауға міндетті. Бұл бағыттағы бақылау жүйелі түрде жалғасады. Алдын алу және профилактикалық жұмыстар күшейтіледі. Басты мақсат — тек құқық бұзушылықтарды анықтау емес, түнгі уақытта жасөспірімдердің бақылаусыз қалып, түрлі қауіп-қатерге тап болуына жол бермеу", — деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Полиция кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық орындарына кіргізгені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Заң талаптарын бұзғандарға айыппұл салынып, мекеме қызметі уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: