Алматыда түнгі клуб аспазы "есірткі сатты" деген күдікпен ұсталды

Арнайы операция, Алматы, түнгі клуб, аспаз, есірткі саудасы, күдікті, ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2026 17:15 Сурет: polisia.kz
Алматыда жүргізілген арнайы операция барысында қаланың ойын-сауық орындарының бірінде ас үй қызметкері есірткі заттарын таратты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұстау шаралары жұмыс орнында жүргізілді. Санкцияланған жеке тінту барысында күдіктіден ұнтақ тәрізді заттар мен өзіне тән иісі бар өсімдік тектес масса тәркіленді. Аталған заттар психотроптық және есірткі құралдары болуы мүмкін деген болжаммен сараптамаға жолданды, деп хабалайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Күдікті ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлері оның тұрғылықты мекенжайы бойынша қосымша тінту шараларын жүргізді.

"Біз есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу бағытында, әсіресе адамдар көп жиналатын демалыс орындарында қатаң әрі жүйелі шаралар қабылдап келеміз. Негізгі мақсат — есірткінің таралуына жол бермеу және мегаполис тұрғындарын, ең алдымен жастарды қорғау", деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Полиция есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар арналар мен тұлғаларды анықтау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: