"Бәйтерек" маңында әдепсіз фото түсірген 19 жастағы астаналық қамауға алынды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 17:53 Фото: Zakon.kz
Астанада полиция әлеуметтік желіде қоғамның наразылығын тудырған жарияланымды назардан тыс қалдырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгіме Бәйтерек монументінің аясында түсірілген әдепсіз фото туралы болып отыр.

"Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қала монументіне құрметсіздік танытылған жарияланым анықталды. Атап айтқанда, ескерткіш аясында әдепсіз сипаттағы фотосурет орналастырылған. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 19 жастағы елорда тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді", – деп хабарлады Астана полиция департаменті2026 жылғы 8 мамырда.

Тәртіп бұзушы ұсақ бұзақылық бойынша жауапкершілікке тартылды.

Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: