Астанадағы ірі даңғылдардың бірінде 8-25 мамыр аралығында қозғалыс шектеледі

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, виды Астаны, виды города Астаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 21:35 Фото: pixabay
2026 жылғы 8 мамырда Қазақстан астанасында орташа жөндеу жұмыстарына байланысты қаладағы ірі даңғылдардың бірі – Төлебаев даңғылында (Тілендиев даңғылы) көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Тілендиев даңғылындағы жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары Қарталы көшесінен Баршын көшесіне дейінгі аралықта жүргізіледі.

"Осыған байланысты 8-25 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс жартылай жабылады. Көлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады, – деп ескертті қала билігі.

Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалыстағы өзгерістерді ескеруге кеңес берді.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Бұл өзгерістерге түсіністікпен қарап, қала ішінде қозғалысты жоспарлау кезінде алдын ала ескерулеріңізді сұраймыз", – делінген Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: