Тоқаев жаңа қызметке келген Нұрлыбек Нәлібаевқа бірқатар тапсырма жүктеді

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2026 12:16 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы бүгін, 2026 жылғы 11 мамырда Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндалды.

Президентке өңдеу өнеркәсібінде жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарына тоқталды.

Сонымен қатар мемлекет басшысына көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамыту жайында айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, отандық тауар өндірушілерді қолдауды және алдағы жылу беру маусымына дайындық шараларын бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: