Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Еске салайық, 5 мамыр күні Роман Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жаңа басшысы болып тағайындалған болатын., сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2026 09:04 Сурет: gov.kz
2026 жылдың 6 мамырында мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі таратты.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Мансап

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында "Казахойл-коммерция" ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

2021-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.

2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарған.

Марапаттар

  • "Құрмет" ордені/2011
  • "Парасат" ордені/2016
  • Қазақстанның құрметті құрылысшысы

Еске салайық, 5 мамыр күні Роман Скляр Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің жаңа басшысы болып тағайындалған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: