Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденовке "Халық қаһарманы" атағы берілді

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2026 09:15 Фото: akorda.kz
2026 жылдың 6 мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері Кенжебай Мәденовті қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі таратты.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды, – деп жазылған құжатта.

Кенжебай Мәденов (1925 жыл 19 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Ақтайсай ауылында дүниеге келіп, 1974 жылы 26 желтоқсанда Атырау қаласында қайтыс болған) Екінші Дүниежүзілік соғыста "Берлин" операциясына қатысып, неміс фашистерінің Рейхстагтан кейінгі ордасы Ратушаға бірінші болып өз взводын бастап кіріп, оны жау­дан тазартқан және ту тіккен, ерен ерлік жасаған батыр. Ол – есімі күллі қазаққа әйгілі батыр Махамбет Өтемісұлының ұрпағы.

1943 жылғы 8 қаңтарда 18 жасқа толмай тұрып, Қызыл армия қатарына өз еркімен аттанды.

1943 жылғы қарашада Краснохолмск жоғары жаяу-әскерлер училищесінің командирлерді дайындау бойынша курсын аяқтаған соң ІІІ Украина майданының 8-гвардиялық армиясының 57-атқыштар дивизиясының 170-гвардия­лық атқыштар полкінің пулемет бөлімшесінің командирі болып Кривой Рог түбіндегі шайқасына қатысты.

1944 жылы қарашадан бастап, І Белоруссия майданында 5-екпінді армия, 266-атқыштар дивизиясының, 1008-атқыштар полкі, 2-батальон ротасының 5-атқыштар взводына басшылық етті. Украинаны (Днепр өзені), Молдавия аумағын (Ясса-Кишиневтік операция), Польшаны, оның астанасы Варшаваны, Германияны (Висла-Одерлік операция) азат ету бойынша әскери шабуылдарға және Берлин шабуылына (Берлин операциясы) қатысқан.

Жауынгерлік ерлігі, ұзақ жылғы мінсіз қызметі үшін Кенжебай Мәденов екі мәрте Қызыл Жұлдыз орденімен, "Варшаваны азат еткені үшін", "Берлинді алғаны үшін", "1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін" медальдарымен, сондай-ақ Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: