Атырауда полиция қызметкері жоғалған баланы дер кезінде тапты

Атырауда полиция қызметкері жоғалған баланы дер кезінде тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2026 14:19 Сурет: polisia.kz
Атырау облысында үйінен шығып кеткен 7 жасар бала 15 минут ішінде анасына табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, 10 мамыр күні сағат 17:30 шамасында Атырау облысы Махамбет ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында қызмет атқару барысында Махамбет аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Алмас Қамидоллин көше бойында ересектердің қарауынсыз жалғыз жүрген 7 жасар баланы байқаған.

"Полиция қызметкері баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында онымен тілдесіп, мән-жайды анықтаған. Әңгіме барысында бүлдіршіннің үйінен шығып кетіп, жақындарын таба алмай жүргені белгілі болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, анасы үйде кіші жастағы баласына қарау кезінде үлкен баласының сыртқа шығып кеткенін бірден аңғармай қалған".

Осыған байланысты учаскелік полиция инспекторы баланың тұрғылықты мекенжайы мен заңды өкілдерін анықтау бағытында жедел шаралар қабылдады. Нәтижесінде небәрі 15 минут ішінде, яғни сағат 17:45 шамасында, бала тұрғылықты мекенжайына жеткізіліп, анасына аман-есен табысталды.

Осылайша полиция қызметкерінің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында 7 жасар бала қысқа уақыт ішінде отбасына қайта оралды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: