Өлтіріп, өзенге лақтырған: Атырауда жоғалған қыздың денесін іздеп жатыр
Фото: Zakon.kz
Атырау қаласының тұрғыны 23 жастағы Яна Легкодимова 2024 жылдың 18 қазанында үйінен шығып кетіп, жоғалып кеткен. Полицейлер қыздың өлтіріліп, өзенге лақтырып кеткенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Адам ұрлау" және "Адам өлтіру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қыздың денесі әлі табылған жоқ;
"Кешенді тергеу амалдары басталып, 24 және 25 жастағы екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Жедел іздестіру жұмыстары барысында күдіктілер тұншықтырып өлтірілген қыздың денесін Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылының маңында Жайық өзеніне лақтырып жібергені анықталды. Оны Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлерімен бірге іздеп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді", — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Уразбаев Zakon.kz тілшісіне іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын, оның нәтижесі қосымша хабарланатынын айтты.
2024 жылдың 10 қазанында Zakon.kz Алматы облысында 18 жастағы қызды пайдакүнемдікпен ерекше қатыгездікпен өлтірген екі жігітке үкім шығарылғанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript