Түркістан облысында полиция аялдамада жоғалған баланы іздеп тапты
Аталған хабарлама бойынша Созақ ауданының полициясы бірден әрекет етіп, баланы іздеуге жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары шағымданушы әкесі мен ұлының оқиғасын анықтап алып, олардың жүрген жолы бойынша тексеруді бастады.
Дәмханалар мен ойын-сауық орталықтарын да назардан тыс қалдырмай, қарап шықты. Осылайша жоспарлы жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде кәмелет жасына толмаған бала трассаның бойынан табылды.
Полицейлердің анықтауы бойынша әкесі мен ұлы Шымкент қаласынан Созақ ауданына көлікпен қыдырып келе жатқан кезде, жасөспірім баласы өзін жайсыз сезінеді.
Денсаулығы сыр берген ұлына дәрі-дәрмек қажет екенін түсінген әкесі ұлын аялдамаға қалдырып, өзі дәріханаға беттейді. Алайда дәріні дер кезінде жеткізгенімен баласын аялдамадан таппай қалады.
Бүгінгі таңда полицияның нәтижелі іздеу жұмыстарының арқасында бала отбасына аман есен табысталды. Ал әкесі сақшыларға шексіз алғысын жеткізді.